Қоғам • 16 Шілде, 2023

Аса ауыр қылмыстық істерге 12 алқаби мүшесі қатысады

286 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Айыпталушының өтініші бойынша енді ауыр және аса ауыр санаттағы қылмыстық істерді қарау 12 алқабидің қатысуымен өткізіледі, деп хабарлайды Egemen.kz.

Аса ауыр қылмыстық істерге 12 алқаби мүшесі қатысады

Мәжіліс депутаттары ҚР Қылмыстық-процестік кодексіне осындай өзгеріс енгізуді ұсынды.

«Бірінші сатыдағы соттарда қылмыстық істерді қарауды судья жеке-дара, ал ауыр және аса ауыр қылмыстар  айыпталушының өтінішхаты бойынша құрамында 1 судья мен 12 алқаби болатын алқабилердің қатысуымен сот жүзеге асырады», деп жазылған Қылмыстық-процестік кодексте.

Құжатта жазылғандай, бұл бағытта өзгеріс жасау үшін жетекші әлем елдерінің тәжірибесі негізге алынған. Депутаттардың пайымынша, алқабилер соты ең әділ шешімдерді қабылдауға қабілетті.

«Адвокатураны дамыту тұжырымдамасының 4-бөлімінің 4-тармағы алқабилер сотына соттылығына жататын істердің санаттарын кеңейту қажеттігін көздейді. Әлемнің жетекші елдерінің жинақтап қорытылған тәжірибесі алқабилер соты ең әділ сот шешімдерін қабылдауға қабілетті екенін көрсетеді. Алқабилер сотының соттылығына жататын істер санаттарын одан әрі кеңейту, оның ішінде алқабилер сотының істердің кейбір санаттарын қарауы бойынша негізсіз шектеулерді қайта қарау жолымен кеңейту қажет. Бұдан басқа, алқабилердің классикалық сотына тән элементтерді, оның ішінде төрағалық етуші судья болмаған кезде және оның ықпалынсыз алқабилердің шешім қабылдауын қамтамасыз ету жөніндегі элементтерді заңнамалық деңгейде ескеру қажет. Бұл новелла сот жүйесін демократияландыруға, оған қоғамның сенімін арттыруға ықпал етеді»,  делінген түсіндірме жазбада.

Сондай-ақ депутаттар бастамасы бойынша Қылмыстық кодекске адвокаттардың қызметіне заңсыз араласып, күш көрсету арқылы істі бұрмалауға мәжбүрлегендерді жазаға тартуды көздейтін норма енгізіледі.