Әлеуметтік желіде адамдар Коряковка көлін қолдан құрғатып, түбіндегі тұзды қап-қап қып әкетіп жатқаны туралы ақпарат тарады. Министр бұл жағдайға байланысты пікір айтты.
«Қазір экология комитеті, Павлодар облыстық табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы, экологтар және қоғам белсенділері қатысып, комиссия құрылып жатыр. Олар Коряковка көлін тексереді. Бұл — Қазақстандағы екінші қызғылт түсті сирек көл. Комиссия жұмысының нәтижесі экология және табиғи ресурстар министрлігінің сайтына және БАҚ-та жарияланады», деп жазды Зүлфия Сүлейменова.
Комиссия барлық ұйымдастыру жұмысы аяқталған соң сейсенбі күні жолға шығады.