Әлем • 18 Шілде, 2023

Садыр Жапаров мемлекеттік қызметшілерді қырғыз тілін білуге міндеттеді

372 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаров «Қырғыз Республикасының мемлекеттік тілі туралы» Қырғыз Республикасының Конституциялық Заңына қол қойды, деп жазады Egemen.kz.

Садыр Жапаров мемлекеттік қызметшілерді қырғыз тілін білуге міндеттеді

Заң Қырғыз Республикасының Жоғарғы Кеңесімен 2023 жылғы 31 мамырда қабылданды.

«Қырғыз Республикасының мемлекеттік тілі туралы» Қырғыз Республикасының конституциялық заңы Қырғыз Республикасы Конституциясының 13-бабын іске асыру мақсатында қабылданды, оған сәйкес Қырғыз тілі — Қырғыз Республикасының мемлекеттік тілі және мемлекеттік тілді қолдану тәртібі Конституциялық заңмен айқындалады», делінген Қырғызстан президентінің ресми хабарламасында.

Мемлекеттік тіл туралы жаңа заңнама Қырғыз Республикасының азаматтарына, Қырғыз Республикасында тұрақты тұратын шетел азаматтарына және азаматтығы жоқ адамдарға — барлығына бірдей қолданылады.

Қырғыз тілі міндетті түрде қолданылатын салалар да бекітілді:

  • мемлекеттік органдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, кәсіпорындардың, мекемелердің және барлық меншік нысанындағы ұйымдардың қызметінде;
  • сайлау мен референдумдарды дайындау және өткізу процесінде;
  • сот ісін жүргізуде, Қарулы Күштерде, Қырғыз Республикасының Құқық қорғау органдарында;
  • Қырғыз Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттарды жасасу кезінде және т.б.

Сонымен қатар 32-бапта мемлекеттік тілді меңгеруге және оны қызметтік міндеттерін атқару кезінде пайдалануға міндетті адамдардың тізбесі айқындалған. Олардың қатарына мемлекеттік және муниципалды қызметкерлер, Қырғыз Республикасының Жогорку Кенеш депутаттары, жергілікті Кенеш депутаттары, Қырғыз Республикасы Ұлттық Банкінің қызметшілері, ішкі істер органдары мен басқа да құқық қорғау органдарының офицерлік және басшы (орта және жоғары) құрамының адамдары, сот төрешілері, прокурорлар, қорғаушылар, нотариустар және т.б. жатады.