Қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары Елдар Сапаровтың айтуынша, марқұм Әбілқайыр Оралов Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының этносаралық қатынастарды дамыту бөлімінің бас маманы болып жұмыс істеген.
Экс-шенеуніктің өзіне қол жұмсауына не себеп болғаны белгісіз. Жетісу облысының полиция департаменті түсініктеме беруден бас тартты.
Әбілқайыр Оралов 55 жаста еді. Үйленген, төрт бала тәрбиелеп өсірген. Әріптестерінің айтуынша, жұмыста оған қатысты ешқандай дау-дамай, келіспеу болмаған.