Денсаулық • 20 Шілде, 2023

Екі жасар баланың мұрнынан 10 тірі құрт шықты

782 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қарағанды қаласында дәрігерлер екі жасар баланың мұрнынан 10 тірі құртты алып шықты, деп хабарлайды Egemen.kz.

 

Екі жасар баланың мұрнынан 10 тірі құрт шықты

Қарағанды облыстық балалар клиникалық ауруханасының мәліметі бойынша екі жастағы баланың ата-анасы денсаулық сақтау ұйымына 18 шілде күні келіп, 19 шілдеде қайтадан шақырылып, дәрігерлердің тексеруінен кейін бала ауруханаға жатқызылған.

Қыз баланың мұрнынан жағымсыз иіс 3-4 күн бұрын пайда болса да, ата-анасы дәрігерге баланың мұрнынан қан кете бастаған кезде барған. 

Баланың мұрнынан 10 тірі құрт пен губканың бір бөлігі шыққан.

«Бұл сирек кездесетін жағдай», дейді дәрігерлер.