Мәдениет • 20 Шілде, 2023

«Ол жарқын әрі лайықты ғұмыр кешті»: Димаш Құдайберген Денис Тенді еске алды

224 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Танымал әнші Димаш Құдайберген досы Денис Тенді еске алып, әлеуметтік желідегі парақшасында арнайы жазба арнады, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Ол жарқын әрі лайықты ғұмыр кешті»: Димаш Құдайберген Денис Тенді еске алды

«Жаның жәннатта болсын, досым. Өзіңсіз өткен бес жыл… Еліміз үшін жасаған ерліктеріңді ешқашан ұмытпаймыз», деп жазды Димаш.

Әншінің жантебірентерлік жазбасымен желі қолданушыларының да жүрегін елжіретті.

«Оның өмірі сондай қысқа болды, бірақ ол жарқын әрі лайықты ғұмыр кешті», «Жадымыздасың, Денис», «Бес жыл өтіп кеткеніне сене алар емеспін», «Өте өкінішті, жүрегіміздесің»,«Халқың сені ұмытпайды», «Жүрегіміздесің Денис»,  деп жазды желідегілер.

Естеріңізге сала кетейік, Денис Тен 2018 жылғы 19 шілдеде Алматыдағы Құрманғазы мен Байсейітова көшелері қиылысында көлік ұрыларымен қақтығыс кезінде көз жұмды.