Кино • 21 Шілде, 2023

Өрт сөндіруші Асқар Забикулин туралы "Қаһарман" телесериалы қашан көрсетілетіні белгілі болды

494 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Батыр өрт сөндіруші Асқар Забикулин туралы телесериал қыркүйекте көрсетіледі. Бұл туралы Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі өзінің парақшасында жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Өрт сөндіруші Асқар Забикулин туралы "Қаһарман" телесериалы қашан көрсетілетіні белгілі болды

«Соңғы кездері елімізде сериал өндірісі, креативті индустрия дамып жатқаны белгілі. Бізде түсірілген сериалдарды шетелдік арналар сатып алуда. 

Сондай фильмнің бірі - қарапайым да адал еңбек адамын суреттейтін «Қаhарман» атты телеөнім. Өрт кезінде опат болған батыр бейнесін насихаттайтын сериалдың сюжеті шынайы оқиғаларға негізделген - халық қаһарманы Асқар Забикулин туралы. Бас кейіпкері өткен жылы ғана алаумен арпалысып, үш адамның өмірін құтқарған, өкінішке қарай, өзі ажал құшқан», деді министр. 

Бүгін  министр Астана қаласындағы түсірілім алаңына барып, шығармашылық топпен кездесті. Бұл жерге Асқардың жұбайы Анель мен қыздары Адия, Дамина да келген екен. Анель сериалдың сценариіне көңілі толатынын айтты.

Министрліктің қолдауымен «Bas production» компаниясы түсіріп жатқан сериал бұйырса қыркүйек айында «Astana»арнасынан көрсетіледі.  

Сондай-ақ министр түсірілім тобына сәттілік тіледі.
Й