Қаржы • 21 Шілде, 2023

Астанада жыл басынан бері 2 809 отбасыға АӘК тағайындалды

199 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Биыл елордада атаулы әлеуметтік көмек алушылар саны 2019 жылмен салыстырғанда 2,3 есеге төмендеді. Елордада оны қанша адам алатыны туралы Астана қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы басшысының орынбасары Айгүл Таласова онлайн-брифинг барысында мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Астанада жыл басынан бері 2 809 отбасыға АӘК тағайындалды

Жыл басынан бері АӘК 2809 отбасыға (13,8 адам), оның ішінде 1361 көпбалалы отбасыға (8,6 мың адам) тағайындалды.

Атаулы әлеуметтік көмек алушылардың саны биыл 2019 жылмен салыстырғанда 2,3 есеге – 9,4 мыңнан 4 мың отбасыға дейін төмендеді.

«Жыл басынан бері ақшалай төлем түрінде АӘК алушылар қатарынан 4562 балаға (2441 отбасы) 1,5 АЕК (5 175 теңге) мөлшерінде қолдау ретінде қосымша төлем белгілеу жолымен монетизация жүзеге асырылды. Бұл АӘК алатын отбасыларға азық-түлік жиынтықтарын өз бетінше сатып алуға мүмкіндік берді», деді Айгүл Таласова.

АӘК тағайындау мәселесін қарау үшін Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі, 14-үй мекенжайында орналасқан «Жанұя» отбасы институтын қолдау орталығына жүгіну (тел. 27-23-23) немесе www.egov.kz электрондық үкімет порталы арқылы өтінім беру қажет.