Kurs.kz деректері бойынша, Астанадағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 443–447 теңгеден сатылып жатыр. Ал Алматыда доллар бағамы 444,5 – 447,5 теңге аралығында құбылып тұр. 21 шілдедегі кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 0,90 теңгеге қымбаттап, 444,88 теңге болған.
Ұлттық банктің 24 шілдедегі ресми бағамы – 1 долларға 444,81 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 4,92 теңге болды.
Алматыдағы ақша айырбастау орындарында Ресей рублі 4,81 – 5,03 теңге аралығында саудаланып жатыр. Астанада көрші ел валютасы 4,83 - 4,93 теңгеден сатылып жатыр.