Саясат • 25 Шілде, 2023

Сенатор Бибігүл Жексенбай Астанадағы №8 қалалық емханада болды

163 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Бибігүл Жексенбай елордадағы №8 қалалық емхананың ұжымымен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сенатор Бибігүл Жексенбай Астанадағы №8 қалалық емханада болды

Жүздесу барысында сенаторға медициналық мекемені дамыту жоспарлары туралы жан-жақты ақпараттар айтылды.

Дәрігерлер қолжетімді баспана бағдарламасы, медицина қызметкерлерінің демалыс күндерінің санын ұлғайту, медициналық сақтандыру және дәрі-дәрмектердің бағасының өсуіне қатысты бірқатар проблемалық мәселелерді көтерді.

Бибігүл Жексенбай өз кезегінде парламентшілер көтерілген барлық мәселелерді назарда ұстайтынын атап өтті және халықтың әлеуметтік жағдайын жақсарту саласындағы Палатаның заңнамалық қызметі туралы хабардар етті.

«Жақында жаңа Әлеуметтік кодекс қабылданды. Бұл еліміздің әлеуметтік саясатын жақсартудағы маңызы зор қадам екені даусыз. Жаңа әлеуметтік саясат – Мемлекет басшысы жариялаған ауқымды өзгерістердің бірі болып табылады. Әр отбасында жаңа цифрлық картаның болуы, жұмыспен қамту саласында жаңа тәсілдерді енгізу және арнаулы әлеуметтік қызметтер жүйесін жетілдіру де сондағы жаңалықтардың ішінде. Бұл біздің отандастарымыздың өміріне де, сала қызметкерлеріне де оң әсерін тигізеді», деп атап өтті сенатор.

2