Төтенше жағдай • 25 Шілде, 2023

Астанада өртеніп жатқан пәтерден адам құтқарылды

2241 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елордалық өрт сөндірушілер жанып жатқан пәтерден адамды құтқарды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Астанада өртеніп жатқан пәтерден адам құтқарылды

25 шілде  сағат 15:55-те Астана қаласы ТЖД өрт сөндіру бөлімшелеріне Байтұрсынов көшесінде пәтер өртеніп жатқаны туралы хабарлама түсіп,
6 минуттан кейін өрт шыққан орынға кезекші қарауыл келген.

Онда 30 шаршы метр  аумақта үй жиһаздары, заттар жанып жатқаны анықталған. Өрт сөндірушілер өртті сағат 16:28-де оқшаулап, сағат 16:44-те сөндірген.

Елордалық өрт сөндірушілер жанып жатқан пәтерден 1996 жылғы пәтер иесін құтқарды.

Өртті сөндіруге Астана қаласы ТЖД жеке құрамнан 22 адам және 4 бірлік техника жұмылдырылды.

Соңғы жаңалықтар

Он үш қыздың ерлігі

Әдебиет • Бүгін, 07:45

Болған ана күмбезі

Мирас • Бүгін, 07:40

3D-принтермен салынатын мектеп

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 07:35

Робот ота жасады

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 07:30

Жаңа браузер пайда болады

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 07:27

Алматыда жаппай жол апаты болды

Төтенше жағдай • Кеше