Жастар • 26 Шілде, 2023

Қазақстандық студенттер шетелде тәжірибеден өтіп жүр

90 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Торайғыров университетінің агрономдары мен биологтары Польша, Түркия, Германия және Чехия кәсіпорындарында тәжірибеден өтіп жүр, деп хабарлайды Egemen.kz ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігіне сілтеме жасап.

Қазақстандық студенттер шетелде тәжірибеден өтіп жүр

Фото: qov.kz

Өндірістік тәжірибе Ломжедегі Қолданбағы Ғылымдар Халықаралық Академиясымен жасалған келісімшарт шеңберінде ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіретін және өндіретін ірі инновациялық PrimаVega (Польша) компаниясында өтіп жатыр.

Еуропада ауыл шаруашылығы тауарларын өндіретін жетекші холдинг саналатын «Green Holding» компаниясында студенттер ауыл шаруашылығы өнімдерін қаптау, өсіру, суару, жинау бойынша тәжірибелерін арттырады.

Павлодар облысы аграрлы өңір болғандықтан, аталған аймақ заманауи және техникалық тұрғыдан дамыған кәсіпорындарда тәжірибеден өткен кәсіби мамандарды қажет етеді.