Экономика • 27 Шілде, 2023

Qazaqaqbas бренді және цифрлық платформа

278 рет
көрсетілді
11 мин
оқу үшін

Бұрындары еліміздің мал шаруашылығы саласы­ отандық асыл тұқымды ірі қараның өнімділігін арттыруға қатысты жүйелі селекциялық жұмыстарды қарқынды жүргізген. Соның ішінде ең көп тараған қазақтың ақбас тұқымы тәуелсіздік алған жылдары 2 миллионға жеткен. Бірақ, өкінішке қарай, 2000 жылдардың басын­да олардың саны 75 мыңға дейін қысқарған. Тек соңғы он жылдың көлемінде елдегі мал шаруашылығын қайта жаңғыртудың арқасында ақбас тұқымды сиыр саны 500 мыңға жуықтап отыр.

Qazaqaqbas бренді және цифрлық платформа

Кеңес уағында еліміздің жер­гі­лік­ті малымен сырттан әкелінген бри­тандық герефорд бұқаларын будандастыру арқылы таңылған қазақтың әйгілі ақбас сиырының пайда болғанына да жетпіс жылдан асыпты. Жүргізілген селек­ция­лық жұмыс нәтижесінде атал­ған сиыр тұқымы 475 кг-нан 511 кг дейінгі аралықта салмақ тар­тып, жергілікті сиыр малымен салыстырғанда 200 кг артық болған. Бұл экономикалық тұр­ғы­дан алғанда, мал өсіру тиім­ді­лі­гінің артқанын көрсетеді.

Қазіргі таңда Қазақтың ақбас тұқы­мы республикалық палатасында 15 мың ірі қара мал басын құрап отырған фермер бар. Палата қазақтың ақбас тұқымының гендік қорын сақтау және дамыту үшін асыл тұқымды алдыңғы қатарлы мал шаруашылығы базасында бұқашықтардың өнімділігіне байланысты канадалық технологияда сынақ жүргізеді.

«Бұл күндері елімізде ғана емес, алыс-жақын шетелдерде жоғары сұранысқа ие әрі әлемнің көп­теген елінде Qazaqaqbas брен­дімен танылған қазақтың ақбас сиырына қызығушылық артып отыр. Аталған ірі қара малын шетелдік технологиялар арқылы сынақтан өткізуіміз адам­дар арасында сенімділікті ұлғай­тып, Батыстың сынақ жүйесі талап­тарына сәйкес келуімен қатар, импорттық тұқымнан біз­дің жергілікті малымыз еш кем түспейтіндігін әрі кейбір тұс­та­ры одан да артық екендігін дә­­­­лел­­­­дейміз», деген еді Қазақ ақбас тұқымы республикалық палата­сының атқарушы директоры­ Дәурен Матақбаев.

Болашақта палата ақбас сиы­­­рының тұқымын экспортқа шы­ға­­рып,­ танымалдығын арттыруды­ жос­­парлап отыр.

Бұл малдың артықшылығы, еліміздің далалы және шөлейт аудан­дарының табиғи жағдайына бейім­делгендігі және тез жеті­­ле­­­тіндігімен қатар еттілігінде. Сол себепті осы сиыр тұқымын шетел­­­діктерге лайықты түрде та­ны­­­­туға негіз бар дейді мамандар.

Елімізде мал шаруашылығын дамыту мен ет өнімін ұлғайтуға бағыт­талған жұмыстар ұдайы жүр­гізіліп келеді. Алдағы уақыт­та экс­портқа 60 мың тон­на ет өндіріп, саты­лымға шы­ғару жоспарланған. Бүгін­дері республика бойынша экс­порт­талатын еттің көлемі
17 мың тоннаны құрайды.

Табыс көзі осы салаға айнал­ған­дықтан, еліміздің батысы мен шығысы және оңтүстік өңіріндегі қожалықтар, серік­тес­тіктер мен ұжым­шарлар үлкен қызығушылық білдіріп, тұқымның генетикалық әлеуе­тін асыруда селекциялық жұмыс­тар­мен де айналысады.

Мемлекет тарапынан агро­өнер­кәсіп кешенін дамытуға қол­дау­ көрсетіліп келеді. Деген­мен­­ іші­нара өзіміздің отандық өнді­­­ру­­­шілеріміз тасада қалып, ­ше­тел­­­­­­дік өндірушілерге барынша­ жағ­дай жасалып жататыны бар. Соның салдарынан біздегі кейбір фермерлер қаржы жағынан қиын­дық­қа тап болады. Ал аталған мем­лекеттік қолдау шара­лары негізінен импорттық өндіру­шілерге бағытталып дайын­дал­ған­дай. Бұған себеп, осыдан біраз бұрын отандық сиырды сатып алу үшін бір малға 150 мың теңге, им­порт­тық малға 300 мың теңге және сүт бағытындағы жергілікті сиыр үшін 150 мың, ал импорттық сауын сиырына 400 мың теңге субсидия бөлінді. 2020 жылы елімізге шетелдік селекциядан сегіз мыңға жуық ірі қара мал басы әкелініп, асыл тұқымды мал үлесі 8,8%-дан 16,3%-ға арт­­қан. Халық қалаулылары Үкімет­­ке бұл мәселенің шешімін қарас­ты­­руды агроөнеркәсіп кеше­нін­ дамытудың ұлттық жобасына отандық асыл тұқымды малға бері­летін субсидия мөлшерін арт­тырып, шаруашылықтардан асыл тұқымды малды сатып алу үшін ауыл шаруашылығы та­уарын өндірушілерге жеңілдікпен несие беруді және пайыздық мөл­шер­лемені төмендету керек­ті­гін ұсынған еді.

Ал мұндай қаржылық қол­дауға бірін­ші кезекте мал өсірумен айналысатын шаруалар зәру екендігі ескерілуге тиіс.

Сонымен биыл мемле­кет­­ тара­­­пы­­нан агроөнеркәсіп ке­ше­­­нін дамы­туға 1 трлн теңге бөлін­ді. Фер­­­мерлерге ақпан айы­нан бас­­­тап­ «Агро­өнеркәсіп кеше­нін субси­­ди­я­лаудың бірыңғай мем­ле­­­ке­т­тік ақпа­раттық жүйесі» іске қо­сылды. Онда бөлінген қара­жат­тың толық игерілуі және тиісті адам­дарға жетуі үшін субси­дия­лау­дың шарты­ өзгер­­ген. Асыл тұ­қымды мал­ шаруа­­­шы­лығымен айна­­лы­са­тын­дар­ға отан­дық және им­порттық мал­дың сүт­тілігіне қарай 300 мың теңге, ал етті мал­дың 1 басына 200 мың теңге дең­гейінде бірыңғай нор­ма­тив енгі­зіл­ді.

Ауыл шаруашылығы ми­нистр­лі­гінің мамандары: «Бұл асыл тұ­қымды мал өсірушілерге бәсе­ке­лестікті арттыру үшін тең жағдай қарас­тырылып отыр. Сонымен қатар аграрийлерді субсидиялауда министрлік тарапынан бірқатар міндеттеме қойылды. Аталған талап­тарға сәйкес мемлекеттен қара­жат көмегін алған фермерлер өнім көлемін азайтпауы қажет. Мәселен, мал өсірумен айналысатын шаруалар ірі қара басын жыл сайын 5%-ға өсіріп отыруы керек. Яғни 100 бас ірі қарадан 80 бас төл алынуға тиіс. Қаржы ауыл шаруашылығының нақты дамуы үшін бөлініп отырғандықтан, кәсіп­керлер өз жобаларының бизнес-жоспарда көрсетілген мерзім­ге сай жүзеге асырылуын қада­ғалауға тиіс. Ол мониторинг жүр­гізу кезінде де автоматтандырылады», дейді.

Осы жылға бөлінген 52,4 млрд­­ теңге қаражат толы­ғы­мен кә­сіп­ бас­таушы немесе шаруа­сын да­мыт­­­қысы келетін ауыл тұр­ғын­да­рын­ несиелендіруге бағыт­талды. Микро­несие ауыл­шаруа­шылық техни­касы мен құрыл­­ғыларын лизинг­ пен кооперативке арналған инвес­­­тициялық субсидия алуға мүм­­кіндік береді. Несие мерзімі мал шаруашылығына – 5 жыл, ал ауыл­ шаруашылығы кооперативін құр­у­ға 7 жыл белгі­лен­ді. Аталған қанат­­қақты жобаны іске асыру 2024 жылы 74,6 млрд теңге көле­мін­де, 2025 жылға 76,7 млрд­ теңге шамасында.

Айта кету керек, бұдан бұ­рын да «Цифрлық Қазақстан» мем­ле­кет­тік бағдарламасы шең­­­бе­рінде асыл тұқымды мал­­ шаруашылығын дамы­т­уда кешен­­ді жұмыстар жүргі­зілгені бар. Онда субсидия­лау тәртібі авто­маттандырылып, қазақтың ақбас тұқымын өсірумен айналысатын фермерлерге үйде отырып субсидия алуға өтінім беру жағы қарастырылған болатын. Малшылар үшін мемлекеттік қол­дау бойынша жаңа биз­нес-идеялар­ды іске асыруда микронесиелер мен мемлекеттік гранттар бөлініп, «Бастау-Бизнес» жоба­сы аясында кәсіпкерлік не­гіз­­­­­дері­ тегін оқытылды.

Қазіргі нарықтық экономи­ка­ның талаптарына сәйкес халық­аралық келісімдер аясында ірі қара малды біріздендіру әрі цифр­­­лан­дыруды жүзеге асыруда еліміз­дің мал шаруашылығындағы селек­ция­лық-асыл тұқымды малдың жаңа цифр­лық платформасын құру қолға алынды. Бұл туралы жақында Қазақтың ақбас тұқымы республикалық пала­та­­сының жыл сайынғы оты­ры­­­сын­да айтылған.

Ауыл шаруашылығы ми­нистрі Ербол Қарашөкеев: «Бұл геном­дық талдауды пайдалана отырып, селекция мен өсімін көбейтудің заманауи әдістерін енгізу, бағалау үдеріс­терін автоматтандыру және жануар­лардың асыл тұқымды қасиет­­терін бағалау есебінен селек­­­­циялық-асыл тұқымды жұ­­мы­­­­­сын жоғары деңгейге көте­ру­­ге­ мүм­кіндік береді», деген.

Сонымен қатар мал шаруа­шы­лығы өнімдерін өткізудің жаңа нары­ғын ашуға бағытталған шаралар іске асырылып, әсіресе вете­ри­нарлық қызметтің тиімділігін одан әрі арттыруда цифрландыру жұмыстары іске асырылып, ветери­нарияның заңнамалық базасын жетілдіруде дайындалған ұсыныс­тар Парламентте қаралып жатқан­дығын жеткізді.

Ауыл шаруашылығы ми­нистр­­­лігінің баспасөз қызметі мәлім­­дегендей, қазіргі таңда мал шаруа­шылығы саласында жануарлардың генетикалық әлеуе­тін­ жетілдіруде және арттыруда, асыл тұқымды өнімдерді есепке­ алуда пайдаланылатын әрі селекциялық үдеріске тартылатын жануарлар туралы деректерді жинау­дың, жинақтаудың және өңдеудің автоматтандырылған жүйе­сі іске қосылып, оның ақпарат­тық қоры жұмыс істейді.

Өткен жылы қазан айында «Қазақ­стан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне асыл тұқымды мал шаруашылығы және биоотын айналымының мәселе­лері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң қабылданды. Аталған заң аясында селекциялық-асыл тұқым­дық жұмыстарын жетілдіру мақ­сатында жаңа бағалау әдіс­те­рі қосылып, геномдық баға­лау, индекстік бағалау және моле­ку­ляр­лық генетикалық сараптама жүр­гізу жұмыстары енген.

Осыған орай, қазіргі таңда селек­циялық-асыл тұқымдардың жаңа цифрлық платформасы аталған заңға сәйкес жаңартылып, мал бастарын асылдандыру­ ісінде жаңа геномдық және индек­стік баға­лауды пайдалану жұмыс­тарын авто­маттандыру арқылы жаңа дең­гей­ге жеткізуге күш салынды.

Аталған жаңартулар респуб­ли­ка­лық палатаның атқарып отыр­ған жұ­мыстарын одан әрі жеңіл­­детіп қана қоймай, қазақтың ақбас тұкымды ірі қара малын ұлттық бре­нд­ке айналдыруға ықпал ететін болады.

Мемлекеттік қолдау шара­ла­рының арқасында мал шаруа­шы­лығы саласының экспорттық әлеуеті артып, былтырғы жыл­дың қорытындысы бойынша­ еліміз 43,3 мың тонна етті экс­порт­қа шығарған. 2021 жылмен салыс­тыр­ғанда 31%-ға, яғни 2,5 есеге өсіп, бұл 18,3 мың тонна ірі қара малының етін құраған.

«Ауыл шаруашылығы жа­нуар­­­ларын Қазақстан Респуб­ли­ка­сы­ның аумағынан әкетудің кейбір мәселелері туралы» Ауыл шаруашылығы министрінің 2023 жылғы 5 маусымдағы № 216 бұй­рығына сәйкес 60 мың бас 12 айдан асқан бұқашықтарға және 120 мың бас 6 айдан асқан еркек тоқтыларға ел аумағынан үшінші елге және Еуразиялық эко­но­ми­ка­лық одақ елдеріне әкетуге алты айға сандық шектеулер енгізілді.

Бүгінде генетикалық қасие­ті­мен­ ерекшеленген қазақ­тың ақбас ірі қара тұқымы іс жүзін­де ұлттық брендке айна­луына мүм­кіндігі зор екенін тағы бір дәлел­дегендей.