Абай облысы әкімдігі мен маслихаттың бірлескен шешімі Ашық НҚА порталында жарияланған: «Абай облысы Аягөз ауданының әкімшілік-аумақтық құрылысына келесі өзгерістер енгізілсін:
- Қоңыртау ауылы таратылып, есептік деректерден алына отырып, оның аумағы Ақшатау ауылдық округінің Дөненбай ауылының әкімшілік құрамына енгізілсін;
- Қопа ауылы таратылып, есептік деректерден алына отырып, оның аумағы Тарлаұлы ауылдық округінің Тарлаұлы ауылының құрамына енгізілсін», делінген мәлімдемеде.
Ауылдық аумақтарды дамытуды көздеген аталмыш құжат 10-ыншы тамызға дейін көпшіліктің талқылауында болады.