Аймақтар • 30 Шілде, 2023

Экономика министрі Тұрғызба ауылының тұрғындарымен кездесті

269 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Атырау облысына жұмыс сапары барысында Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы бойынша салынып жатқан 200 орындық Мәдениет үйінің құрылысымен танысты. Жобаның құны 725 млн теңгені құрайды. Нысанды осы жылдың соңына дейін тапсыру жоспарлануда, деп хабарлайды Egemen.kz аталған министрліктің ресми сайтына сілтеме жасап.

Экономика министрі Тұрғызба ауылының тұрғындарымен кездесті

Фото: ҰЭМ ресми сайты

ҰЭМ ресми сайтыҰЭМ басшысы мәдени нысан аумағында ауылдық округ тұрғындарымен кездесіп, өтініштерін тыңдады.

Жергілікті халықтың айтуынша, Тұрғызба ауылынан Жем өзенінен өтетін көпір салып,  өзеннің түбін тазарту қажет.

Сонымен қатар ауылішілік жолдарды салу, көшелерді жарықтандыру жұмыстарын жүргізу қажеттілігі туралы айтылды.

Тұрғындар ауылда көрсетілетін медициналық қызметтің сапасын арттыру және ауыл шаруашылығын дамыту мәселесін көтерді.

Министрдің айтуынша, Қазақстан ауылдарында өмір сүру деңгейі Ауылдық аумақтарды дамыту тұжырымдамасы, «Ауыл - Ел бесігі» бағдарламасы және «Ауыл аманаты» жобасы шеңберінде жақсаратын болады. Барлық тірек ауылдық елді мекендер алдағы жылдары минималды тұрғын стандарттарына жеткізілетін болады.