Сарша жерінің аумағы және Ерсай жағалауына дейінгі аралықты қамтыған іздестіру-құтқару жұмыстарына аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің өкілдері, аудан, ауыл әкімдігінің қызметкерлері мен ерікті жастар, ауыл тұрғындары мен балықшылардан құралған барлығы 60-қа жуық адам, 20-ға жуық техника, оның ішінде 1 түкұшақ, 10 қайық, жол талғамайтын көліктер жұмылдырылғаны белгілі болды.
7 сүңгуір қайық теңізде іздеу жұмыстарына тартылған, оған қоса, аталған аумақты дронмен бақылау жұмыстары жүргізіліп жатыр.