Футбол • 31 Шілде, 2023

«Super» балалар доп тепті

200 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елімізде жас талантты футбол­шы­лар­дың жолын ашуға бағытталған «Super Bol 2.0» жобасының екінші маусымы өз мәресіне жетті.

«Super» балалар доп тепті

Бірнеше ай бойы еліміздің әр аймағы­нан іріктеліп, жүзден жүйрік шыққан футболшылар өткен сенбіде «Астана Арена» стадионында «QJ league» құрамасымен жолдастық матч өткізді. Кездесуге футболдан әлем чемпионаттарында ең көп матч­та жұмыс істеген өзбекстандық Равшан Ирматов төрелік жасады.

Жас футболшылар арасында өткен аса тартысты кездесуде «QJ league» жігіттері 6:1 есебімен жеңіске жетті. Айта кетейік, «Super Bol» жобасы – DARA президенттік бастамалар қорының және Freedom Holding Corp жобасының басшысы Тимур Турловтың қолдауымен қолға алынған бірегей жоба.

Соңғы жаңалықтар

Көктемгі дала жұмысы қарқын алды

Шаруашылық • Бүгін, 09:10

Қаладан ауылға бетбұрыс

Ауыл • Бүгін, 09:05

ЖИ агенттерінің жәрдемі

Жасанды интеллект • Бүгін, 09:00

Таңдайдан кетпес ұлт дәмі

Кәсіпкер • Бүгін, 08:58