«Ұлттық бірыңғай тестілеудегі секілді Кешенді тестілеуге кіргізу үш деңгейлі жүйе бойынша жүзеге асырылады: Face ID жеке басын сәйкестендіру арқылы, жеке куәлік бойынша, сондай-ақ отырғызу орнында жеке басын сәйкестендіру жүргізіледі. Қабылданған шаралар арқасында тестілеуде бөгде тұлғалар анықталған жоқ», деді Ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбаев.
Айта кетейік, тестілеу басталғалы 149 қатысушының нәтижесі жойылған. Оның ішінде 92 адам смартфон, шпаргалка және басқа да тыйым салынған заттарды алып өтуге тырысса, тестілеу кезінде ережелерді бұзғаны үшін аудиториядан 57 адам шығарылған.
Естеріңізге сала кетейік, биыл магистратураға арналған кешенді тестілеу 10 тамызға дейін жалғасады.