Фото: t.me/Kzgovernment
Берік Манасов 1985 жылы Шымкент қаласында дүниеге келген.
Қазақ гуманитарлық-заң университетін тәмамдаған.
Еңбек жолын 2005 жылы жеке меншік ұйымда қаржылық талдаушы болып бастаған.
2007 жылы екінші деңгейдегі банкте ШОБ-ты несиелеу бөлімінің маманы болып жұмыс істеді.
2007-2008 жылдары «Abadan Investments» АҚ Инвестицияларды орналастыру департаментінің менеджері қызметін атқарды.
2008-2013 жылдары «Аграрлық кредиттік корпорация» АҚ-да түрлі қызметтерде болды.
2013-2014 жылдары «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ Қазынашылық департаментінің бас менеджері, директоры болған.
2018 жылы «ҚазАгроКепіл» АҚ Ішкі бақылау қызметінің бастығы лауазымын атқарған.
2022 жылғы мамырдан бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігіне қарасты Халықаралық ынтымақтастық және инвестициялар тарту департаментінің директоры болып қызмет етті.