Оқиға • 02 Тамыз, 2023

Қарағанды облысында жаппай уланған балардың жағдайы айтылды

254 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Дәрігерлер Қарағанды облысы бойынша балаларға арналған арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында жаппай уланған балалардың қазіргі жағдайы туралы айтты, деп хабарлайды Egemen.kz

Қарағанды облысында жаппай уланған балардың жағдайы айтылды

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы екі баланың ауруханадан шығарылғанын айтты. 

«Қазіргі таңда екі баланың жағдайы жақсарып, ауруханадан емделіп шықты. Олар дәрігердің бақылауында болады. Қазіргі таңда емхананың медицина қызметкерлері кезекшілік ұйымдастырып, балалардың жағдайын бақылап жүр»,  деп хабарлады Қарағанды облысы әкімдігінің баспасөз қызметі. 

Ал стационарда емделіп жатқан балалардың жағдайы тұрақты.

Айта кетейік, 1 тамыз күні Қарағанды ​​облысындағы мүмкіндігі шектеулі балаларға арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында жаппай улану фактісі тіркелді. Салдарынан бір бала қайтыс болып, тағы алтауы жансақтау бөліміне жатқызылған еді.