Нан күні Қазақстан Республикасының мерекелік күндерінің тізіміне 2019 жылы енгізілген.
Нан - азық-түліктің ішіндегі ең маңызды және ең танымал, сүйікті тағамдардың бірі. Ежелден бері әлемнің барлық халықтарында нан ерекше құрметке ие болып келеді.
Нан күні – астық және ұн өнімдерінің құрметін арттырып, қазақстандық диқандардың, ұн тартушылар мен наубайханалардың еңбегін елеу үшін арнайы белгіленді.
2006 жылдан бастап 16 қазанда - Дүниежүзілік нан күні аталып өтіледі. Бұл күні көптеген елдерде нан өнімдерінің түрлі көрмелері, аспазшылардың, наубайханалардың және кондитерлердің кездесулері, жәрмеңкелер, шеберлік сыныптар, халықтық серуендер, сондай-ақ барлық мұқтаж адамдарға нанның тегін таратылуы, қайырымдылық акциялары және басқа да іс-шаралар ұйымдастырылады.