Аймақтар • 05 Тамыз, 2023

Павлодарда 24 көшенің атауы өзгереді

2305 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Облыс орталығында қоғамдық тыңдаулар өтті деп хабарлайды Egemen.kz.

Павлодарда 24 көшенің атауы өзгереді

Қоғамдық кеңес мүшелері мен қала тұрғындарының және қалалық мәслихат депутаттарының қатысуымен Павлодар қаласының 24 көшесін қайта атау бойынша қоғамдық кеңес өткізілген. Бұл Павлодар қалалық мәслихатының және жер қатынастары мен қала құрылысы мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия негізінде ұйымдастырылған.  

Ұсыныстар облыс пен қаланың қоғамдық бірлестіктері мен облыстың ғылыми және шығармашылық зиялылары өкілдерінен келіп түскен. Көшелер атауын өзгерту туралы материалдар республикалық ономастика комиссиясының қарастырылуына беріліп, содан кейін облыстық мәслихаттың сессиясында түпкілікті шешім қабылданбақ. 

Қала көшелерін қайта атау бойынша жоспарға Усолка, Роза Люксембург, Молодежная, 29 Ноября, Набережная, Теплов, Сібір, Чапаев, Молодогвардейцев, Заслонов, Комсомольская, Ермак, Ладожская, Байкальская, Орловская, Тульская, Алданская, Кирпичная, Кошевая, Волочаевская, Камская, Челябинская, Раскова, Осипенко көшелері енгізіліп отыр.

Ұсыныстарда көшелерді қазақстандық жазушылар мен ардагерлердің және батырлар мен қайраткерлердің есімдерімен атау туралы  пікірлер айтылған.