Айбын • 05 Тамыз, 2023

Әскери қызметшілер даңқты ұшқыш Талғат Бигелдиновты еске алды

409 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Бүгін Ұлы Отан соғысының ардагері, Кеңес Одағының екі мәрте Батыры Талғат Бигелдиновтың туғанына 101 жыл толуына орай Қарулы күштердің барлық әскер түрлерінде және жоғары әскери оқу орындарында еске алуға арналған іс-шаралар өтті, деп хабарлайды Egemen.kz  ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Әскери қызметшілер даңқты ұшқыш Талғат Бигелдиновты еске алды

Фото: ҚР Қорғаныс министрлігінің ресми сайты

Батыр атындағы Әуе қорғанысы күштерінің әскери институтында ерекше көзге түскен әскери қызметшілерге алғыс жарияланды.

Әскери бөлімдерде мерзімді қызметтегі сарбаздар үшін «Азат етушілер» сериясындағы «Шабуылдаушылар» деректі фильмі көрсетіліп, ерлік сабақтары өткізілді.Қорғаныс министрлігі

Қорғаныс министрлігі

Қорғаныс министрлігі ресми сайты

Қарулы күштердің мемлекеттік Әскери-тарихи мұражайында аты аңызға айналған шабуылдаушы ұшқыш Талғат Бигелдиновтің өмірі мен қызметіне арналған фотосуреттер мен құжаттарды қамтыған тақырыптық экспозиция ұйымдастырылды.

Талғат Жақыпбекұлы Бигелдинов 1922 жылы Ақмола облысы Майбалық ауылында дүниеге келген. Балалық, жастық шағы Бішкекте өткен болашақ ұшқыштың көкке деген құштарлығы Фрунзедегі аэроклубқа еріксіз алып келді. Бір жылдан соң ол осы клубтың нұсқаушы-ұшқышы болып шығады. Саратов облысындағы ұшқыштар даярлайтын Балашов әскери авиациялық мектебін, кейіннен Орынбор авиациялық училищесін тәмамдады.

Жауынгерлік жолын қатардағы ұшқыш болып бастаған ол соғысты гвардиялық әуе полкінің эскадрилья командирі ретінде аяқтады. Калинин, Воронеж, Степной, бірінші және екінші Украин майдандарында соғысты. 305 рет әуеге көтеріліп, жауынгерлік тапсырмаларды орындады.

Соғыстан кейін Талғат Жақыпбекұлы Әскери-әуе академиясын бітіріп, Украинадағы шабуылдаушы әуе полкінде қызмет етті. Әскери-әуе күштерінің шабуылдаушыларын даярлайтын Краснодар жоғары мектебінде штаб басқарды. Қазақстандағы азаматтық авиация басқармасы басшысының орынбасары болып қызмет етті. Өмірінің соңына дейін мемлекет пен қоғам өміріне белсенді түрде қатысып, соғыс мүгедектеріне қолдау көрсететін халықаралық қорға басшылық жасады.