Қазақстан • 07 Тамыз, 2023

Ұлттық экономика министрі Петропавлдағы ЖЭО-2-ге барды

203 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапары барысында Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров Петропавлдағы Караванная көшесі бойындағы апаттық жағдайдағы теміржол өтпесінің жай-күйімен танысты. 1960 жылдары салынған бұл өтпеге қала тұрғындары үнемі шағым айтады. Құрылыс шамамен 10 жыл бұрын күрделі жөндеуден өткен еді, деп хабарлайды Egemen.kz

Ұлттық экономика министрі Петропавлдағы ЖЭО-2-ге барды

Көлік ағынын төмендету мақсатында Жұмысшылар кентінде теміржол арқылы өтетін жаңа автомобиль көпірін салу жоспарланып отыр. Жобаның құны - 5,9 млрд теңге. Жалпы ұзындығы - 427 метр. Биыл «Қуатты өңірлер - ел дамуының драйвері» ұлттық жобасы аясында бірқатар жобаларды қолға алу жоспарлануда.

Бұдан әрі министр «СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ Петропавл ЖЭО-2-де болды. Бүгінгі таңда кәсіпорында 12 қазандық және 7 турбоагрегат бар. Тозу 53,5%-ды құрайды.

го

2023 жылға арналған бекітілген тарифтер шеңберінде жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп Кәсіпорынның инвестициялық бағдарламасы келесі бөлімдер бойынша түзетілді:

  • 424 млн теңгеге қазандық агрегатын қайта салу;
  • 740 млн теңгеге қазандық агрегатын күрделі жөндеу;
  • ЖЭО-2 турбоагрегатын 617 млн теңгеге қайта жаңарту;
  • қазандықты 156 млн теңгеге ауыстыру.

Айта кетсек, кәсіпорынның өндірістік қызметкерлерінің жалақысы шамамен 40%-ға өсті. Қазір мұнда 676 адам жұмыс істеп жүр.

Әлібек Қуантыровтың айтуынша, министрлік «Тарифті инвестицияға айырбастау» бағдарламасын жүзеге асырып жатыр. Бүкіл ел бойынша 62 мың шақырым инженерлік желіні жаңғыртуға шамамен 3 трлн теңге инвестиция тартылады деп болжанып отыр. ҰЭМ-нің мәліметтері бойынша, бұл желілердің тозуын 2029 жылға қарай 20%-ға төмендетуге мүмкіндік береді.

«Жүргізіліп жатқан барлық шаралар апаттар мен желіден ажыратулардың санын төмендетуге, шығындарды азайтуға мүмкіндік береді. Бұл өз кезегінде көрсетілетін қызметтердің сапасы мен сенімділігін жақсартады», деді министр.

Сондай-ақ ҰЭМ басшысы «РимКазАгро» ЖШС қағаз өнімдерін шығаратын фабриканың жұмысымен де танысты.

го

Қағаз өнімдерінің өндірісі жылына 5 мың тоннаны құрайды. Салынған инвестиция көлемі - 2,5 млрд теңге. Жобаға «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы шеңберінде субсидия берілді.

Фабрика «Радуга» көпсалалы компаниясының құрамына кіреді. Жалпы ауданы 37 га болатын индустриалдық кешенде бұған дейін халық тұтынатын тауарлар мен азық-түлік өнімдерін шығаратын бірнеше кәсіпорын іске қосылған еді. Қазіргі уақытта өңір халқын көкөніс өнімдерімен жыл бойы қамтамасыз ету мақсатында жылыжай кешенінің белсенді құрылысы жүріп жатыр. Жобаға инвестициялар 7,2 млрд теңгені құраса, оның ішінде 1,4 млрд теңгесі - меншікті қаражат.