Жануарлар • 08 Тамыз, 2023

Алматы хайуанаттар бағында «Бәйшешек» дүниеге келді

307 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Алматы хайуанаттар бағында елік дүниеге келді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматы хайуанаттар бағында «Бәйшешек»  дүниеге келді
Сүйкімді лаққа Бәйшешек деген есім берілді. БАҚ қызметкерлері Бәйшешек түсірілген видеоны әлеуметтік желіге жүктеді. 

Видеоның астындағы сипаттамада елік 28 маусымда әкесі Кругляшок пен анасы Райханнан туғаны айтылған. Қазір төл біраз өскен, өзін жақсы сезінеді.

«Бұл ерекше сүйкімді жануар кімді естеріңізге түсіреді? Әрине, баршаңыздың есіңізге балаларға арналған мультфильмнен таныс еліктің лағы – Бэмбиді еске түсірген шығар. Әзірше Бәйшешек енесінің сүтін емеді. Аздап шөптің, жеміс пен жарманың дәмін тата бастады. Кішкентай Бәйшешекті зебралар вольерінің оң жағындағы үлкен қоршауда тұратын еліктер отбасынан көре аласыздар. Бәйшешек онда өзінің үлкен-кіші туыстарымен бірге жүреді. Кішкентай еліктің лағын көруге зообаққа келіңіздер!», деп жазды Алматы хайуанаттар бағының қызметкерлері Instagram парақшасында.