Қоғам • 08 Тамыз, 2023

Жаңа оқу жылы қарсаңында кеңсе тауарлары 64%-ға қымбаттады

331 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанда қалам-қағаз бен басқа да кеңсе тауарлары айтарлықтай қымбаттады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жаңа оқу жылы қарсаңында кеңсе тауарлары 64%-ға қымбаттады

Ұлттық статистика бюросы ұсынған мәліметке сүйенсек, кеңсе тауарларының бағасы 2022 жылдың шілде айымен салыстырғанда 2023 жылдың шілдесінде 64,4%-ға қымбаттаған.

«Атап айтқанда, мектеп дәптері – 77,2%-ға, қалам – 38,6%-ға, түсті қарындаштар – 41,9%-ға, сурет альбомы – 44,1%-ға қымбаттады», делінген хабарламада.

Мамандар тамыз айының дерегін әлі жарияламағанын айта кету керек, дегенмен кеңсе тауарларының бағасы оқу жылының қарсаңында қымбаттай түсетіні анық.