Ашық нормативтік-құқықтық актілер порталында жарияланған Түркістан облысы әкімінің қаулысында: «Сарыағаш ауданы, Қабланбек ауылдық округіндегі Чичерино ауылы Сіргелі ауылы болып аталсын; Мақтаарал ауданы, Мақтаарал ауылдық округіндегі ҚазССР-нің 40 жылдығы ауылы Әл-Фараби ауылы болып қайта аталсын», делінген.
Жаңа атаулар жергілікті тұрғындардың пікірлерін ескере отырып бекітілген.
Түркістан облысы әкімдігінің қаулысы мен Түркістан облыстық мәслихатының шешімі алғашқы ресми жарияланғаннан бастап он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.