Спорт • 09 Тамыз, 2023

Дүниежүзілік жазғы Универсиада аяқталды

166 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қытайдың Чэнду қаласында 27 шілде мен 8 тамыз аралығында өткен XXXI Дүниежүзілік жазғы студенттік ойындар аяқталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Дүниежүзілік жазғы Универсиада аяқталды

Қазақстан құрамасында алтыннан алқа таққандар: спорттық гимнастикадан  - Милад Карими, таэквондодан - Рита Бакишева.

Күміс жүлде алғандар: Милад Карими, Нариман Құрбанов (екеуі де спорттық гимнастика), Диана Тұрсынбек (садақ ату), Елжана Таниева (көркем гимнастика, екі күміс), Никита Чирюкин (оқ ату), оқ атудан Қазақстан ерлер командасы (винтовкадан ату).

Қола жүлдеге қол жеткізгендер: таэквондодан ерлер командасы, семсерлесуден ерлер командасы, оқ атудан (пневматикалық мылтық, 10 метр) ерлер командасы. Милад Карими (спорттық гимнастика), Елжана Таниева (көркем гимнастика), Әйгерім Төреханова (ушу), суда жүзуден - Әділбек Мусин мен Бексұлтан Қоскенов және дзюдошылар -  Бекарыс Сәдуақас, Асқар Жұбатов, Сұңғат Жұбатов.

Универсиада қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы 2 алтын, 7 күміс, 11 қола, барлығы 20 медальмен 119 мемлекеттің  арасынан 20 орынға ие болды.