Экология • 09 Тамыз, 2023

Еліміздің бірнеше қаласында ауа сапасы нашарлайды

156 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Қазақстанның екі қалсында жайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасып, ауа ластанады, деп хабарлайды Egemen.kz «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

 

Еліміздің бірнеше қаласында ауа сапасы нашарлайды

Синоптиктер таратқан мәліметтерге сүйенсек, 9 тамызда Ақтөбе, Алматы қалаларында, түнде Атырау қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар қалыптасады.

Өзге қалаларда ауа сапасы норма шегінде болады.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.