Аймақтар • 10 Тамыз, 2023

Тазалыққа құштар балақайлар

171 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Кезекті матчтан кейін стадионды тазалап кететін жапондық жанкүйерлер есіңізде ме? Тура сондай үрдіс Орал қаласында да басталды. Бастаған – 10 жасар Әлихан Нұрзатұлы.

Тазалыққа құштар балақайлар

Жақында «Ақжайық» пен «Жеңіс» командалары арасында болған ойыннан соң стадион іші әдеттегідей газет беттері мен сусын құтыларына толып қалды. Бұл көпшіліктің көзі үйреніп те кеткен көрініс қой. Бірақ ойын аяқталысымен қаршадай бала қалтасынан арнайы ала келген полиэтилен қапшығын шығарып, айналасын тазалай бастаған.

Бастамашыл балақайдың есімі Әлихан екен. Өзі 10 жас­та, «Жайық жастары» командасында жаттығып жүрген жас футболшы болып шықты.

– Мен жалғыз емеспін, жанымда Мансұр, Нұртас және Нәдір деген достарым бар. Бәріміз келісіп жасадық. Олар жиналған қоқысты жәшікке салуға алып кетті, – деді Әлихан.

«Ақжайық» командасы мен өңірдің спорт саласы басшылары Әлихан мен достарына Оралда өтетін келесі матч кезінде сыйлық жасауды жоспарлап отыр.

 

Батыс Қазақстан облысы