Қоғам • 12 Тамыз, 2023

Жетісу облысындағы ауылда төрт көшені су басты

263 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жетісу облысындағы Ешкіөлмес ауылында төрт көшені су басты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жетісу облысындағы ауылда төрт көшені су басты

Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, бүгін, 12 тамызда Жетісу облысының Ескелді ауданы Ешкіөлмес ауылында қатты жауған жауын-шашын салдарынан елді мекеннің төрт көшесін су басты.

Оқиға орнына облыстық төтенше жағдайлар департаментінің күштері жұмылдырылған. Су басқан аумақтардың тұрғындары жартылай эвакуацияланып жатыр.