Жастар • 14 Тамыз, 2023

«Жастармен бірге!» тақырыбында өткен іс-шаралар кешені аяқталды

364 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Еліміз бойынша «Жастармен бірге!» тақырыбында қайырымдылық, волонтерлік, экологиялық акциялар, бос орындар жәрмеңкелері, семинарлар, концерттер, бір сөзбен айтқанда жастар апталығы аясында 7-12 тамыз аралығында өткен іс-шаралар кешені аяқталды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

«Жастармен бірге!» тақырыбында өткен іс-шаралар кешені аяқталды

Іс-шаралардың негізгі мақсаттары – мемлекеттік жастар саясаты тұжырымдамасын іске асыру және жастар арасында мемлекеттік қолдау шараларын ілгерілету, жастармен жұмыс тетіктерін, форматтарын дамыту, сондай-ақ мемлекеттік қолдау шаралары туралы кеңінен хабардар ету, сондай-ақ әртүрлі салаларда жетістікке жеткен қазақстандық жастардың көшбасшылық әлеуетін атап өту. 

7-9 тамыз аралығында «Жастар Елге!» атты жоғары рухани және адамгершілік құндылықтарды, сондай-ақ жастардың көшбасшылық әлеуетін көрсету мақсатында іс-шаралар кешені өткізілген.

Сондай-ақ «12 игі іс» акциясы басталып, оның аясында Қазақстан жастары игі істер жасап, әлеуметтік желілерде бірыңғай хэштегпен бөлісіп отырды.

Барлық қалаларда, аудандарда, ауылдарда белсенді жастардың, волонтерлердің, өңірдің жастар ұйымдары басшыларының қатысуымен қайырымдылық акциялары ұйымдастырылып, аз қамтылған отбасыларға, жалғызбасты қарттарға, мүмкіндігі шектеулі жандарға азық-түлік, қаржылық көмектер көрсетілген.

Бүкіл ел бойынша қоршаған ортаны қорғауға, табиғатқа ұқыпты қарауға бағытталған: экологиялық акциялар, сенбіліктер, қоқыс жинау, ағаштарды күту акциялары өткен.

Сонымен қатар, барлық қалаларда, аудандарда, ауылдарда «Bilim», «Sabaqtastyq», «Saýlyq», «Qamqor», «Taza Álem», «Úmit», «Asyl mura» бағыттары бойынша волонтерлер іс-шаралары ұйымдастырылған.

Бұларға қоса, 9-11 тамыз аралығында «Жастар – ел дамуының басты драйвері!» іс-шаралар кешені өткізіліп, оның шеңберінде 232 жастар ресурстық орталығы базасында мемлекеттік қолдау шаралары бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары және жастарға «Дипломмен ауылға!», «Жастар практикасы», «Жас отбасы», «Жалға берілетін тұрғын үй», «Жастарға арналған тұрғын үй», «Жасыл ел», «Жас кәсіпкер», «Серпін», «Дарын», «Тәуелсіздік ұрпақтары», «Болашақ», «Кәсіпкерлікке 2,5% жеңілдікпен кредит беру» және тағы басқа бағдарламалар мен жобалар бойынша арнайы консультациялар өткізілген.

NEET санатындағы жұмыссыз жастар үшін ЖОО мен колледж түлектерін жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу мақсатында барлық қалаларда, аудандарда, ауылдарда кең ауқымды бос орындар жәрмеңкесі өткен.

Өңірде жастарға арналған нысандар (мектептер, колледждер, спорттық-мәдени орталықтар, жатақханалар және т.б.) ашылды, street workout бойынша жастар арасында жарыстар, сондай-ақ 12 шақырымдық марафон өткізіліп, түрлі салаларда ерекшеленген ең белсенді жастар облыс басшылығының алғыс хаттарымен және естелік сыйлықтарымен марапатталған.

Жастар апталығы шеңберінде 14-35 жас аралығындағы 1,5 млн-нан астам жастардың қатысуымен 1000-нан астам іс-шаралар ұйымдастырылған.