Қоғам • 15 Тамыз, 2023

Қытаймен шекарадағы «Бақты» өткізу пункті уақытша жабылады

252 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Осы жылдың басынан бастап Еуразиялық экономикалық одақ кедендік шекарасының қазақстандық учаскесінде орналасқан өткізу пункттерін жаңғырту және техникалық жете жарақтандыру жөніндегі жоба шеңберінде Қазақстан-Қытай шекарасында орналасқан «Бақты» автомобиль өткізу пунктін қайта жаңарту жүргізілуде, деп хабарлайды Egemen.kz ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің  баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Қытаймен шекарадағы «Бақты» өткізу пункті уақытша жабылады

Жұмыстарды жүргізу кестесі бойынша 2023 жылғы 18-20 тамыз аралығында өткізу пунктінің автомобиль жолы арқылы өтетін сыртқы сумен жабдықтау желілерін төсеу жоспарланған.

Осыған байланысты, Комитет жоғарыда аталған жұмыстарды жүргізу барысында автокөлік құралдарының жүруіне мүмкіндік болмағандықтан, 2023 жылғы 18-20 тамыз аралығында «Бақты» өткізу пунктінің жабылатыны туралы хабарлайды.

«Бақты» өткізу пунктінің ашылуы 2023 жылғы 21 тамыздан бастап штаттық режимде жоспарланып отыр.