Спорт • 16 Тамыз, 2023

Ел құрамасы – үшінші орында

189 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Германияның Дортмунд қаласында грек-рим күресінен Гран-при тур­нирі аяқталды. Бұл жарысты ел құрамасы алты жүлдемен қоры­тындылады.

Ел құрамасы – үшінші орында

60 кило салмақ дәрежесінде белдескен Айдос Сұлтанғали алтын алса, 55 кило салмақ­тағы Марлан Мұқашев күміспен күптелді. Ал Мейіржан Шермаханбет (67 кило),  Ибрагим Магомадов (72 кило), Демеу Жадыраев (77 кило) және Әлімхан Сыздықов (130 кило) үздік үштікті түйіндеді. Айдос – 2018 және 2022 жылдары өткен әлем чем­пионат­тарында қола медальды мойнында жар­қыратып, 2021 жылы құрлықтың теңдес­сізі деп танылды. Демеу мен Мейіржан – әлем чемпионаттарының қола жүлдегерлері. Әлім­хан былтыр Ұланбатырда Азия чемпионы атанса, Ибрагим биыл Алматыда дәл сондай атақ­қа қол жеткізді. Марлан – бірқатар халық­аралық жарыстардың жеңімпазы.

Атланта Олимпиадасының жеңімпазы, әлемнің екі дүркін чемпионы Юрий Мельниченко жаттықтыратын Қазақстанның ұлттық құрамасы Гран-при турнирінің жалпы есебінде үшінші орынды иеленді.