Фото: Үкіметтің баспасөз қызметі
Оқу-ағарту вице-министрі А.Ілиясов мектептерді электрондық оқулықтармен қамтамасыз ету жөніндегі ахуал және осы бағытты одан әрі дамыту бойынша жоспарланған шаралар туралы баяндады. Баспалар мен IT-компаниялардың өкілдері электрондық оқулықтар мен білім беру платформалары саласындағы соңғы әзірлемелерін ұсынды.
Кеңеске қатысушылар электрондық ресурстардың әлеуетін және оларды білім беру процесін жетілдіру үшін пайдалану мүмкіндіктерін талқылады. Бұл ретте педагогтарға электрондық ресурстарды таңдау құқығы берілуге тиіс екені айтылды.
Кеңесті қорытындылай келе, Тамара Дүйсенова мектептерді электрондық оқулықтармен және цифрлық білім беру ресурстарымен қамтамасыз ету тетіктерін әзірлеу, оқу материалдарын цифрлық форматқа көшіру және оларды оқу процесінде қолдану жөнінде бірқатар тапсырма берді.