Білім • 22 Тамыз, 2023

Астанада алғаш рет Жоғары білім және ғылым форумы өтеді

321 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

24 тамызда Астанада алғаш рет Жоғары білім және ғылым форумы өтеді. Форумның тақырыбы елдің экономикалық өсуінің негізі ретінде адами капиталды дамытуға арналады, деп жазады Egemen.kz ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігіне сілтеме жасап.

Астанада алғаш рет Жоғары білім және ғылым форумы өтеді

Фото: Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметі

Форумға білім және ғылым жүйесінің қызметкерлері, ЖОО және ҒЗИ басшылары, қоғамдық кеңес өкілдері, ЖОО директорлар кеңесінің мүшелері, жас ғалымдар кеңесі, студенттер, сарапшылар және басқалар қатысады.

Форум аясында Назарбаев Университетінде және IT-Университетте жоғары білім және ғылым, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-да тіл саясаты бойынша тақырыптық секциялық отырыстар өткізу жоспарланып отыр.

Форумның пленарлық отырысында ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайылов форум қатысушыларына видео арқылы құттықтау сөз сөйлейді.

«Форумда ҚР Премьер-министрінің орынбасары Тамара Дүйсенова, ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек, профессор, Heriot-Watt University проректорының орынбасары (академиялық басшылық) Тadhg O'donovan, Қазақстандағы De Montfort университетінің президенті Sakina Zafar, ҚР Президенті жанындағы Ұлттық Ғылым академиясының вице-президенті Асқар Жұмаділдаев және басқалар сөз сөйлейді», делінген министрліктің ресми хабарламасында.