Фото: Parlam.kz
Кездесуде депутат Парламент қабырғасында қабылданып жатқан заң жобаларының мән-маңызына тоқталып, жастарды ел игілігі жолында адал қызмет етуге шақырды.
«Жастар жастық шақта білім алып, тіл үйреніп, жан-жақты жұмыс істеп үйренсе, жалқаулыққа жол бермейді. Мамандық таңдауда жаңылмау керек. Қиындықтарды сабырмен және табандылықпен жеңуге тырысқан жөн», деді Қ.Балабиев.
Депутаттың айтуынша, бүгінде жастардың зор жетістіктерге жетуі үшін мүмкіндік мол. Әсіресе, мемлекет тарапынан жастарды қолдауға бағытталған бағдарламалар мен жобалар жетерлік. Қайрат Балабиев солардың бір сыпырасын түсіндіріп берді.
«Өңірлерде білімді, білікті, өжет жастарымыз көп. Олар облыстарда, аудандарда қалып қойып жатады. Біз сондай жастарды тартып, мемлекет деңгейінде қызмет атқаруға жол ашуымыз керек. Бұған «AMANAT» партиясы да атсалысып келеді. Жастарды қолдау – біздің басым бағытымыз», деді Мәжіліс депутаты.