Парламент • 23 Тамыз, 2023

Мәжіліс депутаты ғалымдармен кездесті

192 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мәжіліс депутаты Ирина Смирнова Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясында ғалымдармен кездесу өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Мәжіліс депутаты ғалымдармен кездесті

Фото: Parlam.kz

Басқосу отандық ғылымды ілгерілету, жылдар бойы қордаланып қалған ғылым мәселелерінің шешімін табу, ғылыми жобаларға қолдау көрсету және коммерциализациялау тақырыптарында өрбіді.

«Мәселенің қаншалықты тереңде жатқанын түсінуіміз керек. Бізде ғылыммен айналысатын кадр жоқтың қасы. Ғылымды дамытуды осыдан бастайық. Шетелдік білім беру мекемелерінің оқу бағдарламасын саралауымыз қажет. Солардың ішінен бізге қолайлысын алып енгізсек, отандық ғылымға кәсіби мықты мамандар ден қояр еді. Осы тектес бірқатар мәселені тізбектеп айта беруге болады. Бірақ кадр тапшылығы кезек күттірмейтін іс болып отыр», деді Ұлттық ғылым академиясының вице-президенті Ақылбек Күрішбаев.

Жиынға шетелдердегі қазақ ғалымдары онлайн қатысып, өзекті мәселелерді атап өтті. Білікті ғалымдарды жұмыспен қамту, олардың әлеуетін отандық ғылымды дамытуға бағыттау жайы қозғалды. Бұл ретте Президент жанындағы Ұлттық ғылым академиясына нақты ұсыныстарын беретіндерін айтты. 

«Қазір ғылымның қарыштап тұрғанын ешкім де жоққа шығара алмайды. Елімізде ғылымға ерекше көңіл бөлініп жатқаны бәрімізді қуантады. Мемлекет басшысы ғылымсыз алға жылжу мүмкін емес екенін бірнеше рет қадап айтты. Бұған дейін Күнсұлу Дальтонқызымен де кездесіп, ғылымның ахуалы туралы әңгімелестік. Ойымыз бір жерден шықты. Депутат ретінде ғылымды дамыту үшін заңнамалық тұрғыда атсалысуға дайынбыз», деді Мәжіліс депутаты Ирина Смирнова.