Парламент • 23 Тамыз, 2023

Мәжіліс пен Еуропарламент депутаттары партияаралық байланысты дамытуға келісті

168 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Кеше Мәжіліс үйінде Палатаның Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрайымы Айгүл Құспан бастаған мәжілісмендер Еуропарламент Халықаралық істер комитеті делегациясының мүшелерімен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz Мәжілістің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мәжіліс пен Еуропарламент депутаттары партияаралық байланысты дамытуға келісті

Фото: Мәжілістің баспасөз қызметі. Суретті түсірген С.Майлыбаев.

Биыл Қазақстан мен Еуропалық Одақ дипломатиялық қарым-қатынастың 30 жылдығын атап өтуде. Айгүл Құспан өз сөзінде осы уақыт ішінде еліміз Еуропалық Одақтың барлық институттарымен, соның ішінде Еуропалық Парламентпен тығыз байланыс орнатқанын атап өтті.

«Қазақстан Еуропалық Одақпен ынтымақтастықты дамытуға үлкен мән береді. Біздің стратегиялық серіктестігіміз нығайып келеді», деді комитет басшысы.

Дэвид Макаллистер Еуропарламент делегациясының Қазақстанға Орталық Азия бойынша баяндама-резолюциясын дайындау үшін келгенін айтты.

«Біз Президент Тоқаев жүргізген саяси және әлеуметтік-экономикалық реформаларды құптаймыз. Оларды одан әрі жүзеге асыру маңызды. Біздің ойымызша, Қазақстан дұрыс бағытта келе жатыр. Конституциялық реформалар сіздің елдегі Парламенттің ықпалын күшейтті», деді Дэвид Макаллистер.

Еуропарламент сондай-ақ Еуропалық Одақтың Орталық Азия өңірімен ынтымақтастықты тереңдетуіне жәрдемдесуге ниетті. Келіссөзге Мәжіліс депутаттары Магеррам Магеррамов, Айдос Сарым, Анас Баққожаев, Марат Башимов, Таңсәуле Серіков те қатысты. Еуропарламент делегациясының құрамында Германия, Грекия, Литва, Румыния, Словения және Хорватия өкілдері болды. Кездесу қорытындысы бойынша тараптар партияаралық және фракцияаралық байланыстарды кеңейтуге келісті.