Білім • 24 Тамыз, 2023

Биыл елордада 27 мыңға жуық бала мектеп табалдырығын аттайды

212 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Биыл Астанада 27 мыңға жуық бала 1-сыныпқа барады, деп хабарлайды Egemen.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Биыл елордада 27 мыңға жуық бала мектеп табалдырығын аттайды

Фото: opennews.kz

Бірінші сыныпқа қабылданған балаларды бейімдеу мақсатында 78 мемлекеттік мектепте алғаш рет қысқа мерзімді «Балақайлар мектебі» ашылды. Ол 1-25 тамыз аралығында өтеді. Мұнда балаларды білім ордасына бейімдеу мақсатында ойын түрінде оқытады. Оқыту бағдарламасын Астана қаласының Әдістемелік орталығы және педагогтер ұжымы ұлттық құндылықтарға негіздеп әзірледі.

Алдағы уақытта Астана қаласының барлық мектептерін қамту жоспарланып отыр. Сондай-ақ жазғы демалыстан кейін оқушылар мен ата-аналарды бейімдеу мақсатында тамыз айында «Аdaptation days» жобасы өтіп жатыр.