Қазақстан • 24 Тамыз, 2023

«Қандас» ақпараттық жүйесі таныстырылды

135 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәлімдеуінше Көші-қон комитеті «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ-мен бірлесіп Сыртқы істер министрлігінің шетелдегі консулдық қызметтерінің өкілдеріне «Қандас» автоматтандырылған ақпараттық жүйесін таныстырды. Жүйе қандас мәртебесін беру мен «Ата жолы» картасын ұсыну қызметін көрсетеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Қандас» ақпараттық жүйесі таныстырылды

Фото: gov.kz

Іс-шараға Қырғызстан, Пәкістан, Грузия, Польша, Румыния, Беларусь, Тәжікстан, Молдова, Әзербайжан, Чехия, Өзбекстан, Франция, Австрия, Армения, Венгрия, Иран, Сауд Арабиясы, Ұлыбритания және Берлин, Майндағы Франкфурт, Бонн (Германия), Вашингтон (АҚШ), Астрахань (Ресей Федерациясы), Ыстанбұл (Түркия) қалаларының консулдары қатысты. «Қандас» жүйесіне барлығы 29 шетелдік мекеме қосылады.

Осы күндері Австрия, Ұлыбритания, Қырғызстан, Түрікменстан, Түркия, Моңғолия және Мәскеу (Ресей Федерациясы) консулдықтары жүйеге қосылса, қалған елдер осы аптаның аяғына дейін қосылып қалу керек.

Аталған бағытта жұмыстар әлі де жалғасады.