Қаржы • 25 Тамыз, 2023

Түскі саудада доллар арзандады

149 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан қор биржасының (KASE) мәліметінше, 15:30-дағы жағдай бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 1,56 теңгеге төмендеп, 460,17 теңге болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Түскі саудада доллар арзандады

Фото: sn-gazeta.ru

Қытай юанінің орташа сараланған бағамы да аздап төмендеп, 62,78 теңгені (-0,90) құрады.

Ұлттық банк еуро бағамын 501,22 теңге, рубльді 4,89 теңге деп белгіледі.

Ақша айырбастау орындарында доллар – 459- 462,5 теңге, еуро – 496,5 - 502,5 теңге, ресей рублі – 4,71 - 4,91 теңге аралығында сатылып жатыр.