Қоғам • 27 Тамыз, 2023

Бұрын таныс-тамырсыз оқуға түсу өте қиын еді-Асхат Аймағамбетов

1235 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Магистратура мен докторантураға түсу емтихандары бұрын қалай болды, енді не өзгерді?  Бұл сұрақтарға Асхат Аймағамбетов жауап берді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бұрын таныс-тамырсыз оқуға түсу өте қиын еді-Асхат Аймағамбетов

Фото: А. Аймағамбетовтың Facebook парақшасы

«Бұрын әр университет өз бетінше емтихан сұрақтарын әзірлеп, өздері емтихан қабылдап, тексеріп, оқуға қабылдау туралы бұйрық шығаратын. Өздеріңіз білетіндей бұрын ректорлық тізім болатын, тамыр-таныссыз оқуға түсу өте қиын еді» деп жазды ол Facebook желісінде.

«Біз магистратураға түсу емтихандарын ҰБТ сияқты бір орталыққа топтастырдық, емтихан қабылдау функциясын ректорлардан алып тастадық. Одан кейін электронды форматқа ауыстырдық. Сонымен қатар грант емтихан нәтижесі бойынша жиналған ұпайға қарай бөліне бастады. Осылайша ең жоғары балл жинаған талапкер грантқа ие болады да, университетті өзі таңдайтын болды», деп жазды ол.

Ол, сонымен қатар игерілмеген гранттар бойынша 2021 жылы емтиханды жазда ғана емес, желтоқсанда да өткізу мүмкін болғандықтан, бұл да білім алушыларға қолайлы болу үшін жасалғанын айтып өтті.

Осылайша салыстыра келе А. Аймағамбетов докторантура бойынша әлі де біраз тәуекел мен университеттердің ықпалы бар екенін айтып, оны қосымша қарау керек екенін атап өткен.

«Бірер жыл уақытта ондаған мың магистрант пен докторант оқуға түсті, тіпті оқуын аяқтап та үлгерді. Бұл реформалар жақсы өзгерістер әкелді деп ойлаймын», деп түйіндеді Асхат Аймағанбетов.

Соңғы жаңалықтар

Ұлт болмысының тұғыры

Қоғам • 11 Қаңтар, 2025

Жылынудың жануарларға әсері

Жануарлар • 11 Қаңтар, 2025

Тылсымға толы Шал тауы

Талбесік • 11 Қаңтар, 2025

Қоныстой – көптің қуанышы

Аймақтар • 11 Қаңтар, 2025

Көлде жүзген қос аққудай...

Қоғам • 11 Қаңтар, 2025

Ауаға айтылған уәж

Өнер • 11 Қаңтар, 2025

Театр тұйғыны

Театр • 11 Қаңтар, 2025

Киелі күй иесі

Тұлға • 11 Қаңтар, 2025

Байыптау мен айыптаудың арасы

Білім • 11 Қаңтар, 2025

Жылу қазандығы жаңартылды

Аймақтар • 11 Қаңтар, 2025

Тұтынушы құқын білесіз бе?

Құқық • 11 Қаңтар, 2025

«Ақылды қалаға» апарар жол ұзақ

Алматы • 11 Қаңтар, 2025

Тариф түзілімінің жаңа қағидасы

Сараптама • 11 Қаңтар, 2025

Сапаға мән береді

Еңбек • 11 Қаңтар, 2025

Экономикаға серпін береді

Пікір • 11 Қаңтар, 2025

Игі бастамалар жүзеге асады

Пікір • 11 Қаңтар, 2025

Сенім мен үміттің бастауы

Пікір • 11 Қаңтар, 2025

Еңбек ұжымдарымен кездесті

Саясат • 11 Қаңтар, 2025