Білім • 29 Тамыз, 2023

Шетелде тағылымдамадан өткіңіз келсе...

207 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Шетелде ғылыми тағылымдамадан өту үшін конкурстық іріктеуге қатысу үшін өтінімдерді қабылдау осы жылдың 13 қазанына дейін жалғасады. Республикалық комиссия грант тағайындауды 2023 жылғы желтоқсан айында жүзеге асырады.

Шетелде тағылымдамадан өткіңіз келсе...

Мемлекет басшысы әлем­нің жетекші ғылыми орталықтарын­да тағылымдамадан өту үшін ға­лымдарға 500 грант бөлу туралы тапсырма берген-ді. Осыған орай 2021 жылы Халықаралық бағ­дарламалар орталығы «500 ға­лым» ғылыми тағылымдама бағ­дар­ламасын іске қосқан болатын. Бағдарлама 2025 жылға де­йін зерттеу университеттерінде, зерттеу орталықтарында және бас­қа да ғылыми мекемелерде 3 айдан 12 айға дейінгі ғылыми тағы­лым­да­мадан өту үшін жыл сайын 500 стипендия береді.

«Ғылыми зерттеулердің басым бағыттарының тізбесі «Ақпарат­тық және коммуникациялық тех­но­логиялар», «Білім беру», «Ме­ди­цина», «Ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс» сияқты өзекті зерт­­теу салаларын қамтиды», деді «Халық­ара­лық бағдарламалар орталығы» АҚ басқарма төрағасы Олжас Сәкенов.

Мемлекет тағылымдамадан өту­шілерге тағылымдамадан өту, екі жаққа ұшу шығындарын, сон­дай-ақ медициналық сақтандыру мен ай сайынғы стипендияны тө­лейді. Стипендия мөлшері қала және белгілі бір елдегі өмір сүру дең­гейіне байланысты болмақ.

Ғылыми тағылымдаманы таға­йындау конкурсына ұсынылатын тізімге кіретін шетелдік ұйымнан шақыруы бар үміткерлер қатыса алады. Сондай-ақ ғылыми нәти­желерге, мысалы, отандық және халықаралық ғылыми басылымдарда және деректер базасында индекстелетін мақалаларға ие бо­ла алады. Кандидаттардың жалпы жұмыс өтілі таңдалған мамандандыру саласында кемінде 12 айды құрауға тиіс. Сондай-ақ В1 деңгейінен кем емес нәтижемен мемлекеттік тіл бойынша IELTS нәтижесімен шет тілі бойынша емтихан тапсыру туралы сертификат (9.0-ден кемінде 5.0) міндетті түрде болуы керек.

Ғылыми тағылымдамадан өту үшін ұсынылатын универ­ситет­тердің, ғылыми орталықтардың, жетекші шетелдік ұйымдардың тізбесіне әлемнің 34 елінен QS World University Rankings, Academic Rankings of World Universities, Times Higher Education World ТОП-250 халықаралық академиялық рейтингіне кіретін 400-ден астам жоғары оқу орны, ғылыми-зерт­теу орталықтары, ұйымдар кірді. Ғылыми тағылымдамадан өтуге ғылыми зерттеулердің басым бағыттарының тізімі 134 ма­мандықтан тұрады. Басым ма­мандықтар инженерлік, жара­ты­­лыстану, әлеуметтік және гума­нитарлық ғылымдар саласындағы, сондай-ақ ақпараттық-комму­ни­кациялық технологиялар, медицина, өнер, білім, агроөнеркәсіптік кешен, ұлттық қауіпсіздік және қор­ғаныс салаларындағы зерттеу­лер сияқты бағыттарға бөлінген.

Толық ақпаратты Халықаралық бағдарламалар орталығынан білуге болады (Астана қаласы, Сы­ға­нақ көшесі, 70-үй, «Сығанақ» биз­нес орталығы, 5-қабат, 508-кабинет).