«Азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру және құқық қорғау институттарының жұмысы туралы ақпараттандыру мәселесін арттыру қажет. Қазіргі жағдайда құқықтық насихат пен азаматтарды құқықтық тұрғыда тәрбиелеудің маңызы арта түсті. Бұл іске сарапшыларды тарта отырып, барлық құқық қорғау институттарының әлеуетін жұмылдыру қажет. Сіздер үнемі қоғамдағы маңызды мәселелерді көтерулеріңіз керек. Көп жағдайда әлеуметтік шиеленіс пен масылдыққа құқықтық сауатсыздық себеп болады. Көптеген адам құқықтық тұрғыда өз мүдделерін қорғауды, қолданыстағы заң нормаларына сүйенуді білмейді. Азаматтардың құқықтары мен бостандықтары көбіне ақпараттық ресурстар мен заң көмегі қолжетімсіз шалғай аймақтарда бұзылады», деді Мемлекет басшысы.
Мемлекет басшысы Адам құқықтарын қорғау жүйесінің өкілдерімен кездесу барысында сөз сөйлеп, азаматтарды құқықтық тұрғыда тәрбиелеудің маңызы арта түскенін назарға салды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақордаға сілтеме жасап.
ТЖМ құтқарушылары 5 автокөлікті өрттен қорғап қалды
Аймақтар • Кеше
Серік Сәпиев басшылық қызметке тағайындалуы мүмкін
Спорт • Кеше
Атырау тұрғыны сиырдың өлексесінен Сібір жарасын жұқтырды
Денсаулық • Кеше
Ақтөбеде әйелі мен балаларын ұрып-соққан азамат сотталды
Қылмыс • Кеше