Үкімет • 31 Тамыз, 2023

«Жайлы мектеп»: 369 жаңа білім ордасы бой көтереді

315 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Премьер-министр Әлихан Смайылов алдағы уақытта «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 369 жаңа білім ошағы салынатынын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Жайлы мектеп»: 369 жаңа білім ордасы бой көтереді

Фото: gov.kz

«Орта білім беру жүйесін қаржыландыру соңғы бес жылда екі есе өсіп, 2 триллион теңгеден 4,5 триллион теңгеге ұлғайды. «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы жүзеге асырылып, 369 білім беру  ошағы салынады. Оған қоса білім беру инфрақұрылымын қолдау қоры құрылды. Аталған қордың есеп-шотында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралар шеңберінде мемлекетке қайтарылған қаражат жинақталады. Бүгінгі күні қорға 120 миллиард теңге түсті. Оның 92 миллиард теңгесі 62 мектептің құрылысына жұмсалды. Жоғары білім берудің қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында жыл сайын отандық жоғары оқу орындарында білім беру гранттары артып келеді. Осы жылы бөлінген 88 мың білім грантының 73 мыңы мектеп түлегіне берілді», деді Үкімет басшысы «AMANAT» партиясы фракциясының кеңейтілген отырысында.