Фото: Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі
Лауазымды тұлға медициналық қызмет көрсету және тиісті лицензия беру жөніндегі қызметі үшін кәсіпкерлерден жүйелі негізде пара алды деген күдікке ілінді.
Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.
Департамент басшысы мен пара берушілерге қатысты қорытынды шешімді сот қабылдайды.
«Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды. Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі», делінген Cыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет таратқан хабарламада.