Қоғам • 31 Тамыз, 2023

Жыл соңына дейін студенттерге 32 жатақхана беріледі

244 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жаңа оқу жылында 380 мыңнан астам студенттің шәкіртақысы өседі. Соңғы үш жылда 1 студентке жұмсалатын бір жылдық шығын 420 мың теңгеден 1 миллион теңгеге дейін ұлғайған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жыл соңына дейін студенттерге 32 жатақхана беріледі

«AMANAT»  партиясы фракциясының кеңейтілген отырысында сөз сөйлеген Премьер-министр Әлихан Смайылов жыл соңына дейін студенттер үшін салынып жатқан бірнеше жатақхана пайдалануға берілетінін айтты.

«Студенттерді  жатақханамен қамтамасыз ету - маңызды мәселе. 2020 жылдан бастап жыл сайын жатақханаларда 10 мың орын пайдалануға беріліп келеді. Жатақханалар құрылысы мемлекеттік субсидиялау бағдарламасы шеңберінде  іске асырылады. Бүгінгі таңда 99 жатақхана пайдалануға берілді. Жыл соңына дейін тағы 32 жатақхана есігін айқара ашады деп жоспарланып отыр. Ертеңнен бастап халықтың әлеуметтік осал топтарының, жекелеген санатқа жататын, басқа қаладан келген студенттердің жатақханада тұру шығындары өтеледі. Тағы бір жағымды жаңалық - жаңа оқу жылынан бастап жоғары оқу орындарының профессор, оқытушылар құрамының жалақысы 20 пайызға артады», деді Үкімет басшысы.