Қоғам • 31 Тамыз, 2023

Батыс Қазақстан жылыту маусымына сақадай сай

209 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Батыс Қазақстан облысының Газ шаруашылығы жылыту маусымына  100 пайыз дайын, деп хабарлайды Egemen.kz «QazaqGaz» ҰК» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Батыс Қазақстан жылыту маусымына сақадай сай

«QazaqGaz» ҰК» АҚ Басқарма Төрағасы Санжар Жаркешов Батыс Қазақстан облысы газ шаруашылығының  күзгі-қысқы кезеңге дайындығын тексерді. БҚО өндірістік филиалдары мамандарының сөзінше, объектілер жылыту маусымына толыққанды дайын.

Дайындық жұмыстарының шеңберінде 61 іс-шара, оның ішінде 56 газ реттегіш пункттерді (ГРП), 2955 шкафты ГРП және электрлік химиялық қорғау құралдарын, сондай-ақ 240 500 метр газ құбырын аспаптық тексеру жоспарланған.

«Біздің жылыту маусымына дайындығымызға, алдағы күзгі-қысқы кезеңнің қалай өтететіндігі тікелей қатысты. Сол себепті қазір барлық өңірлерде газ объектілеріне техникалық қызмет көрсету және жөндеу бойынша ауқымды жұмыс аяқталуға жақын.  Бұл мәселені біз ерекше бақылауда ұстаймыз», деді Санжар Жаркешов.

Бұдан бөлек филиалдың 30 газ тарату станцияларында (ГРС) жоспарлы алдын ала жөндеу жұмыстары (ЖАЖ) орындалды. Объектілік желілерде магистральдық газ құбырлары мен 882 компрессорлық станциялар бөлігінде бекітпе арматураларға техникалық қызмет көрсету жүргізілді. Үш компрессорлық станцияларда бекітілген жоспарға сәйкес станцияларды тоқтату және цехтарды қосу тораптарының крандарын басқару батырмаларына сынақ жүргізіліп, тексеруден өткізілді.