Президент • 01 Қыркүйек, 2023

Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

210 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Шавкат Мирзиёевті және Өзбекстан халқын ұлттық мерекесі – Тәуелсіздік күнімен құттықтады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

«Біздің халықтарымыздың түпкі мүдделерін, ғасырлар бойғы достық және тату көршілік дәстүрлерін негізге ала отырып, қазақ-өзбек стратегиялық серіктестігі мен одақтастығын одан әрі нығайтуға басымдық беремін. Біз ортақ күш-жігерді біріктіре отырып, бауырлас халықтарымыздың өркендеуі және Орталық Азияның тұрақтылығы мен игілігі үшін көпжақты ынтымақтастықтың орасан зор әлеуетін жүзеге асыра алатынымызға сенімдімін», делінген Мемлекет басшысы жолдаған жеделхатта.

Соңғы жаңалықтар

Ғарыштағы қызанақ

Қоғам • Кеше